Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым – Қасым-Жомарт Тоқаев

975

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Қазақ құрылтайларының бәрі ел дамуына үлкен өзгеріс әкелген. Кеңесіп пішкен тон келте болмас деген сөз содан қалса керек. Біз бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық. Елімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейік деп деп, бүгін бас қосып отырмыз", – деді президент.

Оның айтуынша, ұлттық құрылтайдың бірінші отырысын Ұлытауда өткізу туралы ұйғарым жасалған. Құрылтай алдында ұлық ұлыстың басында тұрған Жошы хан кесенесіне хан шатыр орнатылған. 

"Оның зор символдық мәні бар. Елдің бірлігі мен ұлттың тұтастығы дегеніміз осы. Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Бәрімізді бабалардың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын деп тілейміз. Ұлы дала төрінде тұрған Ұлытау талай тарихи оқиғаның куәсі болған. Көп кеңес дәл осында өткен. Киелі өңірде Алтын орда әміршілері мен Қазақ хандарының ізі қалған. Біз ұрпақтар сабақтастығы жалғассын деп осы жерге келіп отырмыз", – деді Тоқаев.

Айта кетсек, Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу