Президент жүк көлік иелерінің наразылық шараларына қатысты пікір білдірді

1010

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 

Президент жүк көлік иелерінің наразылық шараларына қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақылы жолдар мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Автомобиль жолдарының сапасы елдің көлік әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқарады. Бұл ретте, жолдарды жөндеу сапасы бұрынғыша сынға ұшырауда. Бұл әсіресе ақылы жолдарға қатысты", – деді Президент. 

Осы орайда Мемлекет басшысы жүк көліктері иелерінің тарапынан ақылы жолдарға қатысты туындаған наразылық акцияларына қатысты ойын ортаға салды.

"Бұған жақында болған жүк көліктері мен тасымалдаушылардың наразылығы дәлел. Ақылы жолдарды енгізу – бұл бүкіләлемдік тәжірибеге сәйкес келетін дұрыс шешім. Мұндай үлкен елде тек бюджет есебінен ғана жол салу мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан транзиттен ақша табуға тиіс. Бірақ бұл үшін мұндай жолдардың сапасы жоғары болуы және жол бойындағы мінсіз қызметті қамтамасыз ету маңызды. Бизнес пен азаматтар жол инфрақұрылымының жаңа сапасын сезінуі керек. Үкіметтен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды сұраймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу