Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді",– деп жазды Берік Уәли фейсбукте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу