Президент "Жылу энергетикасы туралы" заңға қол қойды

203

Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент "Жылу энергетикасы туралы" заңға қол қойды Фото: canva.com

Жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа тетіктерді енгізу және қолданыстағысын күшейту жолымен реттеу жүйесі жаңғыртылды.

Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалды.

Бұдан бөлек, аталған сектордың дәйекті және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін оны ілгерілетудің жоспарлау және жай-күйін бағалау тетіктері енгізілді.

Атап айтқанда, Энергетика министрлігі жылу энергетикасының өңірлер, өндіріс, тасымалдау, өткізу, тұтыну секторлары бойынша салалық мемлекеттік органдар әзірлеген негізгі және мақсатты көрсеткіштерді бекітеді.

Жылумен жабдықтау жүйесі құрылымдалып, жылумен жабдықтайтын субъектілер мен олардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген. Жылумен жабдықтау жүйелері қуаттылығына және тұтынушылардың қосымша жүктемесіне қарай орталықтандырылған, жергілікті және жеке жылумен жабдықтау жүйелері болып бөлінеді.

Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тарифтік реттеу, энергия үнемдеуді қолдау, жылу энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тетіктері жаңартылды.

Жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу энергиясы көздерін пайдаланудан шығару шарттары белгіленді. Жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу