Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Елорда күнімен құттықтады

1482

Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Елорда күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының қысқа мерзім ішінде Еуразия төріндегі ғажап мекенге айналғанын айта келе, сол уақыт аралығында Елордада өткен жаһандық мәні зор саяси шараларға тоқталды. Ол шаралардың Қазақстанның бас қаласының абыройын арттыруда үлес қосқанын айтады.

Сондай-ақ, құттықтауда: "Қазақстан Республикасының Президенті ретінде қаламыздың бой көтеруіне және қалыптасуына үлес қосқан еліміздің әрбір азаматына ризашылық білдіремін. Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын! Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына және барша халқымызға бақ-береке, зор денсаулық, амандық тілеймін!",– делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу