Президент Қазақстанның өлім жазасынан ресми түрде бас тартуына қатысты түсінік берді

824

"Бірнеше күн бұрын Қазақстан өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын Екінші факультативті хаттамаға қосылды".  

Президент Қазақстанның өлім жазасынан ресми түрде бас тартуына қатысты түсінік берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл, Конституцияға толығымен сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізуді қажет етпейді. Себебі, өлім жазасына кезінде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған мараториймен тыйым салынған. Сондықтан өлім жазасы біздің елімізде жоқ. Конституцияда белгіленген екі жағдай ғана бар және ол толығымен Факультативті хаттамаға сәйкес келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу