Президентке 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді

479

Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисовті қабылдады. 

Президентке 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді Фото: akorda.kz

Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу