Мемлекет басшысына Алматының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Ерболат Досаев аталған кезең ішінде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13 пайызға артқаны туралы баяндады:
- мемлекеттік бюджет түсімдері 4,9 триллион теңгеге жетіп, өсім көрсеткіші 34,5 пайызды құраған;
- қараша айында жылдық инфляция 10,5 пайызға дейін бәсеңдеген. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі қала экономикасының өсімі 6,5 пайыз деңгейінде болады деген болжам жасалып отыр (2022 ж. – 5,0%).
негізгі капиталға құйылған инвестицияның жалпы көлемі 20 пайызға ұлғайғаны жайында ақпарат берді:
- жеке инвестиция 30,3 пайызға артып, 1,4 триллион теңгеге жеткен;
- жыл басынан бері қала экономикасына барлығы 1,53 триллион теңге салынған.
Алматыда қоғамдық көлікті дамыту және экологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты:
- биыл қаланың автобус паркі экологиялық таза 1150 жаңа автобуспен толыққан. Оның 550-ін жеке тасымалдаушылар сатып алған;
- соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркі де жаңартыла бастаған. Бүгінде 100 троллейбус сатып алынған, қосымша тағы 100-ін сатып алу арқылы келесі жылы троллейбус паркі толықтай жаңарады.
жол-көлік инфрақұрылымының дамуы туралы баяндады:
- қаланың 70 көшесіне 25 шақырым жаңа жол салынған және 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты мәлімет берді:
- денсаулық сақтау саласында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) жаңа бірыңғай стандарты белсенді түрде енгізілуде;
- Алматыда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 37,1 мың орындық 22 мектептің құрылысы мен жобалау жұмыстары басталған.
жыл басынан бері NEET санатындағы 36,7 мың азамат жұмысқа орналастырылғаны жөнінде айтты. Оның 82 пайызы – тұрақты жұмыс орны:
- қажетті мамандықтарды оқытудың қысқа мерзімді курстары және Jobfair365 бос жұмыс орындарының цифрлық платформасы іске қосылған;
- жастар үшін 8 комьюнити-орталығы ашылған.
Президенттің қаланы көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы ерекше бақылауда екенін жеткізді:
- жыл басынан бері 276 мың түп көшет отырғызылған. Жыл соңына дейін олардың саны 320 мыңға жеткізілмек.
- Алматыдағы саябақтар аумағы 397 гектарға ұлғайған.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ әкімге қоғамдық көлікті экологиялық талаптарға сәйкестендіру және Алматының көлік қатынастары жүйесін дамыту міндетін жүктеді.