Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды

277

Президентке "Мыңжылдықтар аллеясын" дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды Фото: Ақорда

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Астана әкімі былтыр елорданы көгалдандыру жарғысы қабылданғанын атап өтіп, аталған құжатқа сәйкес егілген жасыл желекті 3 жылға дейін күтіп-баптау міндеті жүктелетінін және үлкен ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызуға басымдық берілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу