Президентке астанада өтетін АӨСШК саммитіне дайындық мәселесі баяндалды

671

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке астанада өтетін АӨСШК саммитіне дайындық мәселесі баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі қызметімен және Қазақстанның осы ұйымға 2020-2022 жылдардағы төрағалығының қорытындысымен танысты. Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылған.

"АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.

Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті", – делінген Ақорда мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу