Президентке балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы туралы баяндалды

709

Қазақстан Президенті "Astana Group" компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Президентке балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы туралы баяндалды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Astana Group" компаниясының жұмысы мен даму перспективалары туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, Нұрлан Смағұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компаниялар тобының бюджетке төлеп отырған салық мөлшерінің 90 миллиард теңгеге дейін артқаны, экспорт тасымалының өскені, сондай-ақ жеңіл техника шығаратын зауытты кеңейтуге және Алматы қаласындағы бейнелеу өнері музейінің құрылысына қатысты жоспарын айтты.

Президентке "Мега" сауда орталықтарының халыққа екпе салу науқанына атсалысып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, аталған сауда орталықтарында 150 мыңнан астам адамға вакцина салынған.

Сонымен қатар бизнесмен Президентке бюджеті 1 миллиард теңге болатын өзінің қайырымдылық қорының қызметі туралы да айтты. Қор мәдениет пен спортты дамытуға әлеуметтік-қаржылай қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек Нұрлан Смағұлов еліміздің Велоспорт федерациясының президенті ретінде Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы және "Astana-Premier Tech" велокомандасының ребрендингі туралы баяндады. Велокоманда 2022 жылдан бастап "Astana Qazaqstan Team" деп аталатын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларына оң баға беріп, табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу