Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекет жайлы мәлімет берілді

527

Мемлекет басшысы China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын  қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекет жайлы мәлімет берілді Фото: akorda.kz

 Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері талқыланды.

Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспары жайлы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да мәселелер қарастырылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу