Президентке деген сенім деңгейі билік институттары арасында ең жоғары болып отыр

127

Сауалнама елдің барлық өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда жүргізілген. 

Президентке деген сенім деңгейі билік институттары арасында ең жоғары болып отыр Фото: Ақорда

Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілген Demoscope тәуелсіз зерттеу жобасының жаңа сауалнамасы қоғамда негізгі билік институттарына қатысты тұрақты оң көзқарастың қалыптасқанын көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, сенім деңгейі бойынша көш бастап тұрған – Мемлекет басшысы. Президентке респонденттердің 61,3%-ы сенім білдірген. Бұл – барлық билік тармақтары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстан Үкіметіне 47,4% қатысушы сенім артқан, жергілікті әкімдіктерге – 50,2%, Парламентке – 40,5%, құқық қорғау органдарына – 46,8%, ал соттарға – 43,7% респондент сенім білдірген. Барлық институттар бойынша сенім білдірушілер үлесі сыни көзқарастағылардан айтарлықтай жоғары.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың 72,4%-ы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен: оның ішінде 44,6%-ы "дұрыс бағытта" деп нақты жауап берсе, 27,8%-ы "көбіне дұрыс бағытта" деген пікір білдірген. Бұл көрсеткіш күмәнмен қарайтындар үлесінен шамамен үш жарым есе жоғары.

Сондай-ақ билік жариялаған "Әділетті Қазақстан" бағыты да қоғам тарапынан қолдау тапқан. Сауалнамаға қатысқандардың 55,6%-ы бұл ұран нақты іс-әрекеттермен үйлеседі деп есептейді.

Сауалнама елдің барлық өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда жүргізілген. Қатысушылардың 65,8%-ы сауалнамаға қазақ тілінде жауап берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу