Президентке хат жолдаған алматылық оқушыға Аймағанбетов жауап берді

1907

Білім және ғылым министрі Алматыда спорттық үйірмелер санының артатынын айтты. 

Президентке хат жолдаған алматылық оқушыға Аймағанбетов жауап берді Фото: sputniknews.kz

Өткен аптада Нұрбақыт есімді оқушы Президентке хат жолдаған еді. Хатында ол бірінші тоқсаннан кейінгі демалыс тым қысқа, "Жаратылыстану" мен "Өлкетану" сабақтары қиын, ал олардың орнына спорттық үйірмелерге баруды қалайтынын жазды. Оған Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жауап берді.

"Жаратылыстану" – бұл сені қоршаған ортамен таныстыратын өте қызықты пән. Ал "Өлкетану" дүниеге келген және тұрып жатқан жеріңнің тарихы туралы баяндайды. Егер сәл ыждаһаттылық танытсаң, жыл соңында жақсы нәтижеге қол жеткізетініңе сенімдімін",– деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі спорттық үйірмелерге қатысты, Алматыда оқушылар сарайы мен оқушылар үйі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Мен спортпен айналысуға деген құлшынысыңды қолдаймын. Қазір сенің қалаңда көптеген спорттық үйірмелер жұмыс істеуде. Болашақта біз олардың санын арттырамыз",– деді Асхат Аймағамбетов.

Қорытындылай келе министр, "бастысы жақсы адам, еліміздің лайықты азаматы бол" деген тілек білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу