Президентке ЛУКОЙЛ-дың Қазақстандағы жұмысы жайлы есеп берілді

906

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөзі қызметіне сілтеме жасап.

Президентке ЛУКОЙЛ-дың Қазақстандағы жұмысы жайлы есеп берілді

Президентке компанияның Каспий теңізі қайраңындағы "Жеңіс" және "Әл-Фараби" мұнай жобаларындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысы туралы айтылды.

"Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр Алматы облысында іске қосылған "ЛУКОЙЛ" зауытының жұмысы туралы баяндалды", – деп жазылған хабарламада.

 Компания басшысының айтуынша, бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалдарының 800-ге жуық түрін өндіріп, өңірдегі елдерге экспорттайды.

Сонымен қатар Вагит Алекперов Мемлекет басшысына әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен баға белгілеудің перспективасына қатысты "ЛУКОЙЛ" компаниясының ұстанымы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компанияның әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға атсалысып отырғанын ерекше атап өтіп, оның Қазақстан мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу