Президентке МӘМС-те атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді

369

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президентке МӘМС-те атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді Фото: akorda.kz

Президент "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президентке әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндалды. Сонымен бірге азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында айтылды.

Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу