Президентке өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді

248

Мемлекет басшысы "Metal Former" зауытын аралап көрді. 

Президентке өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді Фото: akorda.kz

Президент жабындылар мен қаптама материалдарын шығаратын "Metal Former" ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты.

Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев импорттан келетін құрылыс материалдарын өзіміздің отандық өнімдер алмастыруы керек екеніне назар аударып, мұндай кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Президент зауыт жұмысшыларына табыс тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу