Президентке Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді

943

Қазақстан Президенті Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады.

Президентке Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді

Кездесу барысында геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейінгі қолға алынған реформалардың орындалу барысының, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді. Аталған ұсыныс геологиялық зерттеу жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалану ісінде мемлекеттің рөлін күшейтеді.

Президент аталған саланы одан әрі дамытудың, жаңа кен орындарын ашу үшін заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минералды-шикізат базасының қорын арттырудың ерекше маңыздылығын атап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу