Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа ие болған жас жазушылар мен ақындар белгілі болды

286

Мемлекет басшысы 2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа ие болған жас жазушылар мен ақындар белгілі болды Фото: gov.kz

2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

1) "Проза" номинациясы бойынша "2026" шығармасы үшін Есбол Социалханға;

2) "Поэзия" номинациясы бойынша "Боз ұшқат" өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа;

3) "Драматургия" номинациясы бойынша "Апатай" драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға;

4) "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Рокет Ера. Синопсис" повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу