Бұл мамандар резервке алынған сәттен бастап үш жыл ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарға, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, сондай-ақ "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төртінші іріктеудің басты жаңашылдығы – мемлекеттік аппарат үшін аса сұранысқа ие салалық бағыттар бойынша резерв қалыптастыру болды. Кандидаттар белгіленген квоталарға сәйкес қабылданған:
- "инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты" бағыты бойынша – 8 адам;
- "агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау" бағыты бойынша – 9 адам;
- "сыртқы саясат және инвестициялар" бағыты бойынша – 8 адам;
- "экономикалық және қаржылық саясат" бағыты бойынша – 7 адам;
- "цифрландыру" бағыты бойынша – 9 адам;
- "әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам" бағыты бойынша – 9 адам.
Жаңадан қабылданған резервшілердің толық тізімі жобаның ресми сайтында жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу