Президенттік олимпиада жүлдегерлері анықталды

561

Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар отандық университеттерде оқуға 35 грант пен 12 атаулы стипендияны жеңіп алды.

Президенттік олимпиада жүлдегерлері анықталды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен Президенттік олимпиадада 54 оқушы жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, балалар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімін сарапқа салған.

"Олимпиаданың қорытындысы бойынша ведомствоның І дәрежелі дипломымен 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 18, ІІІ дәрежелі дипломмен 27 қатысушы марапатталды. Ең жоғары балл жинаған 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде (5), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде (12) білім алу үшін білім гранттары тағайындалды. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 12 жүлдегерге атаулы стипендия тарту етті", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу