Президенттік олимпиада жүлдегерлері ЖОО-да оқуға грант алады

499

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады.  

Президенттік олимпиада жүлдегерлері ЖОО-да оқуға грант алады Фото: aimak.com

Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқуға грант алады, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиаданың үшінші кезеңі  бүгіннен бастап 2 желтоқсанға дейінгі аралықта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алады.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың дерегінше, Олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 мыңға жуық оқушы қатысқан. Жалпы балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді.

"Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша жарысқа түсті. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және гранттарды бөлуде басым құқыққа ие болады. Мысалы, былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Министрлікке қарасты "Дарын" орталығының өкілдері жоғары оқу орындарын білім гранттарын бөлу бастамасын қолдауға шақырды. Осылайша, биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөлді", - деді Гүлмира Кәрімова.

Олимпиада жүлдегерлері 2 желтоқсанда марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу