Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі аяқталды

270

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. 

Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі аяқталды Фото: gdemoideti.ru

Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды. Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы іріктеліп алынды.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.

Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға жене олардың мүмкіндіктерін ашуға, қолдау көрсетуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу