Түркиядағы президенттік сайлау екінші турға қалуы мүмкін

821

Ол 28 мамырға жоспарланған  

Түркиядағы президенттік сайлау екінші турға қалуы мүмкін  Фото: ВВС

Түркиядағы президенттік сайлау екінші турға қалуы мүмкін. Саяси додаға қатысып жатқан кандидаттардың ешбірі 50% астам дауыс ала алмайды. Бұл – алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Конда" компаниясының жүргізген жаңа қоғамдық сауалнамасы бойынша, қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 43,7% дауыс жинаса, оппозициялық Альянс ұсынған оның басты қарсыласы Кемал Кылычдароғлы 49,3% дауыс алған. Отан партиясынан президенттікке үміткер Мұхаррем Инже 2,2%, ал АТА альянсынан (Ататүрікшілер) кандидаты Синан Оган 4,8% дауыс жинаған. 

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше үшінші үміткер Мухаррем Инже сайлауға қатысудан бас тартып, Кылычтароғлын қолдайтынын мәлімдеді. Саяси дода 14 мамырға жоспарланған. Ал, кандидаттар тиісті межеден асатын дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші туры 2 аптадан кейін, 28 мамырда өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу