Президенттік жастар кадр резерві: "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" қатысушылар үшін ақпарат

434

7 қазанда тестілеудің екінші блогы өтеді. 

Президенттік жастар кадр резерві: "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" қатысушылар үшін ақпарат Фото: Inbusiness.kz

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аясында сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау бойынша тестілеу өтеді. Ол үміткердің кестелер, графиктер және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады. Үміткерлерге тестілеуді тапсыруға  25 минут уақыт беріледі.

Тестілеу барысында қатысушыларға тыйым салынады:

  • ақпаратты қабылдауға және таратуға арналған электрондық құрылғылардың кез келген түрін, оның ішінде құлаққаптарды, мобильдік құралғыларды пайдалануға;
  • біреулермен келіссөздер жүргізуге;
  • тапсырмаларды дауыстап оқуға;
  • орнынан тұрып, камераға көріну аймағынан кетуге, компьютермен бір орыннан екінші орынға жылжуға;
  • камераны жабуға және микрофонды өшіруге;
  • бейне/суретке түсіру, экранды таратуға (Zoom, Teams, Webex және т.б.).

Тестілеуге жіберілген барлық үміткерлер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана қаласының уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тестілеуден өту уақытын таңдауы қажет.

Бұл ретте үміткерлер үшін тестілеуге қайта жазылу мүмкіндігі көзделмегенін ескеруі тиіс. Сондай-ақ қатысушылар тестілеуді қайта тапсыра алмайды, сондықтан тестілеуге алдын ала дайындалу ұсынылады: компьютер/ноутбуктің болуын, мүмкіндігінше Chrome браузерімен, тұрақты интернет байланысын қамтамасыз ету, веб-камера мен микрофонның жұмысын тексеру. Тест тапсырмаларын автоматты түрде аударуды болдырмау үшін тестілеуді бастамас бұрын браузер ұсынатын автоматты аударманы өшіру керек ("Параметрлер" - "тілдер" - "Google аудармашысын пайдалану" - жалаушаны өшіру).

Сонымен қатар, тестілеуді бастамас бұрын қатысушылар компьютер/ноутбуктегі барлық қосымшалар мен бағдарламаларды жабу керек.

Қатысушыларға осы кезеңінде кестелер, графиктер мен диаграммалары бар тест тапсырмаларының жүктелуі үшін кемінде 5 мгб/с тұрақты интернетті қажет ететінін, сондай-ақ пайдаланылатын компьютерде қорғау жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік шаралары немесе басқа шектеулер тестілеуге қосылуға кедергі болмайтындығын алдын ала ескеру маңызды.

  • Егер тестілеуден өту кезінде интернет байланысы бұзылған жағдайда, үміткерлерге  парақшаны  жаңартпай немесе жаппай қайта қосылуды күту ұсынылады.
  • Тест тапсырған кезде үміткерлерге үстел үсті және микрокалькуляторларды, қарындаш пен қағазды пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Іріктеу тәртібіне сәйкес сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау қорытындысы бойынша келесі кезеңге ең көбі 500 кандидат жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі кезең – "Ситуациялық тапсырмаларды шешуге" көбірек қатысушылар саны жіберілуі мүмкін.

  • Қатысушылар үшін тәулік бойы pkrezerv.gov.kz сайтында Jivo чаты арқылы қолдау қызметі жұмыс істейді, сондай-ақ Call-орталыққа +7708 096 70 70 нөмірі бойынша жүгінуге болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу