Президенттік жастар кадр резервіне 14 мемлекеттен өтінім берілді

684

Президенттік жастар кадр резервіне қатысушыларды тіркеу аяқталды. 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін кадр резервіне қатысуға 8 638 адам өтінім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.  

Президенттік жастар кадр резервіне 14 мемлекеттен өтінім берілді

Өтінім берген 8 638 қатысушының арасында 5133 ер адам және 3505 әйел бар.

Мегаполистер бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан 1540, Алматыдан – 490, Шымкент қаласынан – 688 үміткер құжат тапсырған.

Ал өңірлер арасында Алматы облысы – 655, Жамбыл облысы – 567, Түркістан облысы – 564 және Қостанай облысы – 463 үміткермен алдыңғы қатарда тұр.

Одан кейін Қызылорда облысы – 435, Қарағанды облысы – 428, Атырау – 397, Ақтөбе – 365, Маңғыстау – 348, БҚО – 347, ШҚО – 324, СҚО – 308 жайғасқан және ең аз үміткер әзірге Павлодар облысында – 286.

Сондай-ақ биыл Президенттік жастар кадр резервіне Қазақстаннан бөлек, 14 мемлекеттегі қазақстандықтар тіркелген.

Атап айтқанда, АҚШ-тан 6, Түркиядан – 3, Грузиядан – 3, Ұлыбританиядан – 2, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 2, Сингапурден – 2 және Болгария, Оңтүстік Корея, Бельгия, Ресей, Канада, Өзбекстан, ЕО, Израиль елдерінен 1 үміткерден өтінім берген.

Кадрлық резерв бағыттары бойынша "Мемлекеттік басқаруды дамыту" – 2708 үміткермен көш бастап тұр.

Одан кейін "Білім беру жүйесін дамыту" бөлігі – 2303, "Өңірлік даму" – 1590, Ұлттық экономика мен сыртқы сауданы дамыту – 791, "Жаңа әлеуметтік саясат" – 511 бағыттары жайғасқан.

Ең аз үміткер "Ішкі саясатты жетілдіру" (449) және "Денсаулық сақтау жүйесін дамыту" (286) бағыттарында байқалады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу