Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізіледі

993

Бұл жолы 300 емес, бар-жоғы 50 адам резервке алынады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүргізіледі

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, "А" корпусының әкімшілік, "Б" корпусының басшы және "Б" корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
Резервке алу үшін үміткерлерге келесі кезеңдерден өту керек: 
✔️үміткерлерден құжат қабылдау;
✔️күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
✔️ ситуациялық тапсырмаларды шешу;
✔️ құзыреттерді бағалау;
✔️ Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
✔️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Кандидат қойылатын талаптарға (Қазақстан Республикасының азаматы, құжаттар тапсыру сәтінде жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, еңбек өтілі кемінде 5 жыл, мемлекеттік тілді меңгергені туралы қолданыстағы сертификаттың болуы) сәйкес келген жағдайда іріктеу кезеңдеріне жіберіледі. Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет.

Құжаттарды қабылдау кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіру үшін пайдаланылатын электрондық-цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып жеке нөмір беру арқылы онлайн-платформада жүргізіледі. Бастапқы тіркеу кезінде ЭЦҚ-нің болуы міндетті, кейіннен тіркелген кандидаттар осы платформаға логин мен парольді пайдалана отырып кіреді.

Кезеңдердің басым бөлігі онлайн режимде өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында жүзгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу