Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады?

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген ел азаматы қатыса алады.  

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қашан басталады? Фото: akorda.kz

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін  қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады", – деді спикер.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • Құжаттарды қабылдау;
  • Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
  • Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
  • Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар тізімі 2023 жылғы желтоқсанда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу