Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің тағы бір кезеңі аяқталды

1689

Президенттік жастар кадр резерві үміткерлерінің "Қабілеттерін тестілеу" кезеңі аяқталды.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің тағы бір кезеңі аяқталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, тестілеу верификациясына ең жоғары балл жинаған 904 қатысушы жіберілген. Олардың тізімі агенттіктің ресми сайтында және pkrezerv.kz онлайн-платформасында жарияланды.

Қатысушыларға 25 тапсырмадан тұратын вербалды және сандық тесттен өтуге 25 минуттан берілген. Бұл кезеңде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мәтіндік материалдар мен құжаттарды талдап, сандық көрсеткіштері бар диаграммалармен, кестелермен жұмыс жасаған.

Енді тестілеуді верификациялау 19 қазанда өтеді. Одан кейін 22-26 қазан – жоба ұсыну, 27 қазан  – эссе жазу, 28 қазан-3 қараша  – құзыреттерді бағалау, 27 қараша-13 желтоқсан – сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу кезеңдері өтеді.

Ұлттық комиссия отырысы қорытындылары бойынша Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау туралы шешім қабылданады. Нәтижелері кандидаттың Жеке кабинетінде жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, іріктеуге қатысу үшін алғашқы тіркеуден 13212 адам өткен болатын. Оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толығымен аяқтады. Тестілеуге 5745 үміткер қатысып, бір орынға 19 үміткер ұмтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу