Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізілді. Нәтижесінде 50 адам резервке алынды.
Тізімді толық сілтемеге өтіп, көруге болады.
Айта кетейік, аталған жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Резервке алынған жастар саяси лауазымдарға, "А" корпусының әкімшілік, "Б" корпусының басшы және "Б" корпусының "А" санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
35 жастан аспаған, жоғары білімі бар, еңбек өтілі кемінде 5 жыл, мемлекеттік тілді меңгерген (сертификат болуы тиіс), Қазақстанның азаматтығы бар үміткерлер іріктеу кезеңдеріне жіберілді. Олардың басым бөлігі онлайн режимде өтеді.