Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдау басталды

617

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы жылы Президенттік жастар кадр резервіне 50 жас іріктелетін болады.

Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдау  басталды

Құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 1 қыркүйегінен pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде басталған болатын, қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түскен. 

Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан
Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жыл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу