Кандидаттардың құжаттары 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.
Іріктелуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеудің басым көпшілік кезеңдері онлайн форматта өткізіледі.
Резервке алынған тұлғалар саяси лауазымдарға, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына және "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервтің құрамында болу мерзімі 3 жылды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу