Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды

469

Өтінімдерді қабылдауға берілген бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды Фото: Мелекеттік қызмет істері агенттігі

Оның ішінде 6 404 қатысушы "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілді.

Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат), сарапшылар комиссиясымен әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы.

Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне креативті және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба.

Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Жеңімпаздар биылғы желтоқсан айының соңында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу