Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу автоматтандырылады

1102

Биыл іріктеудің екінші кезеңі өтеді. 

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу автоматтандырылады

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

"Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту тетіктері жетілдіріледі. Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резевіне іріктеу жұмыстарын жүйелендіру бойынша жұмыстар жалғасады. Биылғы жылы резервке іріктеудің екінші кезегі басталады", - деген Дархан Жазықбаев мамандар тапшылығы мәселесіне тоқталды. 

"Қазір мемлекеттік қызметте туындаған мәселелердің бірі – мемлекеттік органдарда бірегей мамандардың тапшы болуы. Сондықтан мамандарды іріктеуде кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттеріне басымдық берілмек. Бұған тәуелсіз сарапшыларды тарту жоспарланып отыр. Бұған қоса іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылмақ. Ол аталған процесстің әділ және ашық өтуіне кепіл болады", - деді Дархан Жазықбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу