Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді

Осы жолы салалық топтар қарастырылады.    

Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді Фото: Ақмешіт жастары

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлім етті. 

"Биыл президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді. Әлеуметтік маңызы бар денсаулық сақтау, энергетика, білім беру салаларында резервтегілер саны аз. Осыған байланысты резервтің салалық топтарын қарастырамыз. Үміткерлермен әңгімелесу салалық мемлекеттік органдардың қатысуымен өтеді", - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев. 

Еске сала кетсек, Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Сол кезде ол резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтты. 2019 жылы 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазымды қызметке орналасты. 2021 жылы Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік резервке 50 кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу