Президенттік жастар кадрлық резервінің екі мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

745

Президенттік жастар кадрлық резервінің екі мүшесі лауазымды қызметке барды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Президенттік жастар кадрлық резервінің екі мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Телеграм-каналында жазды.

"Президенттік жастар кадрлық резервінің желісі бойынша тағы екі маман қызметке тағайындалды. Тимур Меңдібаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Стратегиялық жоспарлау және нарықтарды талдау департаментінің директоры, ал Бақтияр Мұхаметқалиев "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма аппаратының Сервис жөніндегі басқарушы директоры болды", -деп жазды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Президенттік жастар кдарлық резерві құрылғаннан бері оған мүше 184 жас маман жауапты орындарға қызметке тұрған."Осылайша, бүгінгі таңда резервтегі 184 жас маман жұмысқа орналасты. Қыркүйек айында Президенттік жастар кадрлық резервінің екінші жиынына конкурс басталады", - деді Мемлекет басшысының көмекшісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу