Оның айтуынша, Президенттікке үмітті кандидаттарға қойылатын талаптар өзгермейді.
"Президенттікке үміткерлерге қойылатын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуінің бес жылдық өтілінің болу талабы сақталады. Неге? Өйткені Президент – дәреже бойынша ең жоғары мелекеттік қызмет атқаратын тұлға. Сондықтан оның мемлекеттік қызметте, жүйе жұмыс істеу тәжірибесі, көзқарасы болуы керек. Президенттікке кандидаттар саяси партияның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады. Оның партияға мүше болуы міндетті емес", – деді вице-министр.
Алайда спикер сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу көзделгенін атап өтті.
"Жақын арада тиісті түзетулер ашық нормативті актілер сайтына шығарылып, халықтың талқысына салынады", – деді Әділет вице-министрі.
Құралай Құдайберген