"11 қарашада біз "Хабар" телеарнасында Президенттікке кандидаттардың қатысуымен телевизиялық дебат өткізуді жоспарлап отырмыз. Кандидаттар мен олардың штабтарының толық дайындалу мүмкіндігі болуы үшін біз бұл туралы ертерек, сайлауалды үгіт-насихат басталған сәтте жариялап отырмыз", – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, бүгін сағат 18:00-де Президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу