Президенттікке кімдер үміткер?

850

20 қазанға дейін Орталық сайлау комиссиясы 6 кандидатты тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Президенттікке кімдер үміткер? Фото: egemen.kz

Сайлауға түсетін үміткерлердің ішінде халықтық коалиция атынан ұсынылған және бірнеше саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің қолдауына ие Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ауыл партиясы" атынан Қазақстан фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаев, "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығының атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен бар.

Бұдан бөлек кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова, оппозиция өкілі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ұсынылған астаналық филиалдың жетекшісі Нұрлан Әуесбаев та сайлауға түспек.

Айта кетейік, елдегі маңызды сайлау науқаны 20 қарашаға белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу