Президенттікке тағы бір кандидат ұсынылды

561

Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиевтің құжаттары тапсырылды.

Президенттікке тағы бір кандидат ұсынылды

ҚР Орталық сайлау комиссиясына Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ОСК-ға сілтеме жасап.

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу