Президенттікке үміткер Бақыт Жаңабаев қазақ тілі сынағынан сүрінген жоқ

662

Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде соңғы сәтте ұсынылған Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген. Лингвистикалық комиссия мүшелері оның емтиханнан сүрінбей өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президенттікке үміткер Бақыт Жаңабаев қазақ тілі сынағынан сүрінген жоқ Фото: inform.kz

Лингвистикалық емтихан үш кезең бойынша өтті: жазба жұмысын орындау, қазақ классикалық әдебиеті шығармасынан үзінді оқу және таңдаған тақырып бойынша топ алдында сөз сөйлеу.

Үміткер жазба тапсырмасында "Экология - бүгінгінің басты мәселесі" тақырыбын таңдаған. Жұмыста стилистикалық, грамматикалық, пунктуациялық бірнеше қате жібергенімен, комиссия жұмысты "қанағаттанарлық" деп бағалады. Екінші ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ" шығармасынан үзінді оқыған. Сонымен қатар, Бақыт Жаңабаев көпшілік алдында сөйлеу тапсырмасында "Бабалар аманаты" тақырыбын таңдапты.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссияның бір мүшесі қалыс қала отырып, үміткердің мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы басым дауыс жинаған. 

"Қалыс қалуының себебі, сіз қойған сұраққа жазба жұмысының сапасына байланысты туындады. Әрине, жазба жұмыс жалпы алған кезде мәтіні сол тапсырмаға сәйкес талаптарды түгел орындаған. Яғни, ойын жеткізе алған, тақырыпты аша алған, тақырыпқа қатысты идеясын алдымен айтып, одан кейін неге олай болды деген сұраққа жауап іздеп, аргументтерін түгел жазба мәтін түрінде сөйлемдермен безендіріп берген. Алайда, емле қателері болды", - деді лингвистикалық комиссия мүшесі Анар Фазылжанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу