Президенттікке үміткер болған Амантай қажының басы дауға қалды

295

Қылмыстық іс қозғалды. 

Президенттікке үміткер болған Амантай қажының басы дауға қалды Фото: Бейнежазбадан

Оқиға 4 шілде күні болған. Бейнежазбадан Амантай қажының әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергенін көруге болады. Бұл ақпаратты жәбірленушінің қызы растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Анам жұмыста болды. Ол жерге Амантай қажы келіп жүрді. Оның тегін білмеймін. Анам осындай жағдай болады деп ойламады. Жұма күні болды. Анам бастапқыда күзетшімен сөйлесіп тұрды. Кейін Амантай қажы кіріп келді, амандасты. Ол бұрылып, анамды бас күшімен итеріп жіберді. Кейін көмекке де келмеді. Күзетші полиция мен жедел жәрдемге хабарласты", – деді Раиса Бесхарагаева.

Оның айтуынша, зардап шеккен анасына ота жасалған, оның жамбас сүйектеріне зақым келген.

Қалалық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу