Президенттікке үміткер Дания Еспаева таңдау жасады

1047

Ол "Ақ жол" партиясының атынан сынға түсуде.  

Президенттікке үміткер Дания Еспаева таңдау жасады

Президенттікке кандидат Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы №113 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. "Ақ жол" демократиялық партиясының атынан саяси додаға түскен ол – Қазақстан тарихында президенттік сайлауға түскен алғашқы әйел.

"Бүгін мен үшін жауапты күн. Жеңіске жетемін деген сенімдемін. Менің кандидатурамды партия ұсынғандықтан, жеңіске жету мүмкіндігім жоғары деп ойлаймын. Мен Қазақстандағы кәсіпкерлердің, зиялы қауымның, әйелдердің атынан қатысып отырмын. Сондықтан бұл "бәйгеде" жеңіске жету мүмкіндігім жоғары деп ойлаймын", – деді журналистерге сұхбат берген Дания Еспаева.

Еске сала кетейік, Бұған дейін президенттікке үміткерлер арасынан Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәбі-Бек Түгел, Төлеутай Рахымбеков, Жамбыл Ахметбеков және Амангелді Таспихов дауыс берді.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу