Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова саяси додаға не себепті қатысатынын айтты

611

Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсыруға келген Салтанат Тұрсынбекова тілшелердің сұрақтарына жауап берді деп жазады inbusiness.kz.

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова саяси додаға не себепті қатысатынын айтты

Құқық қорғаушы үнемі әділет іздеген қарапайым азаматтермен жұмыс істегендіктен және заң саласындағы енгізілген өзгерістер бәрі осы қадамға итермеледі деп санайды.

"Заң саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп келем. Мен әрдайым елімізде болып жатқан өзгерістер мен реформаларға олардың қандай бағытта нені мақсат етіп отырғанын зерттеп, зерделеп жүретінмін. Сонымен бірге біздің Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Біз демократияға қадам басып, Жаңа Қазақстанды құру жолындамыз. Енді расында да сол Әділетті Қазақстан болса, оған нақты кіріскен болсақ, әр азамат өзінің құқықтарымен бірге саяси құқығын да іске асыру керек деп есептеймін. Сол құқықтың бірі - Президент сайлауына қатысу мүмкіндігі. Мен оны формальді, келе салатын жағдай деп ойламаймын. Бұл біріншіден, өте жауапты, екіншіден, өте маңызды қадам", - деді қоғамдық кеңес мүшесі. 

Айта кетейік, бүгін "Қазақ аналары – дәстүрге жол" атты республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Салтанат Тұрсынбекованы ұсынды.

Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Салтанат Тұрсынбекова отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі. 

С.Тұрсынбекова әр жылдары Жоғарғы сотта қызмет еткен, Қазақстан бас прокурорының аға көмекшісі, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған.

Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президентінің биылғы сайлауына кандидат болып отырған екінші әйел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу