Президенттіктен үмітті Дания Еспаева емтиханнан сәтті өтті

972

Дания Еспаеваның кандидатурасын "Ақ жол" демократиялық партиясы ұсынған болатын.

Президенттіктен үмітті Дания Еспаева емтиханнан сәтті өтті

ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов аталмыш лауазымға үміткер Дания Еспаеваның емтихан нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лингвистикалық комиссия үміткер жұмыстарын жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындыға келді.

"Үміткер емтиханға берілген өз уақытын толық пайдаланды. Жазбаша жұмысында Дания Еспаева тақырыпты жақсы меңгерген, сауатты, терең талдау жасаған. Екінші тапсырма бойынша, ол М. Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Қазақ тілінің нормасына сай сөздерді анық айтып, ойын жеткізе білді. Үшінші тапсырма бойынша "Қоғам және демократия" тақырыбында 15 минут сөйледі. Өзін саяси жағынан танытып, қоғамның хал-ахуалын жақсы білетінін көрсетті. Біздің сұрақтарымызға жауап берді. Комиссия мүшелері дауыс бере келе, "Дания Мәдиқызы Еспаева  мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деген қорытындыға келдік", – деді Сейіт Қасқабасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу