Президенттің адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр

713

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президент қабылдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Президенттің адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды жылыстатуға қарсы күрес саласындағы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына берілген деректерге сәйкес жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген.

Президентке адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Жанат Элиманов құқық қорғау органдарына тән істерді жалпы қозғау тәжірибесі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіркелетін қылмыстардың саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Тергеу амалдарының мерзімі 3 есе, ақтау белгілері бойынша тоқтатылған істер саны үштен бірге қысқарған. Нәтижесінде, мыңдаған азамат пен кәсіпкер қылмыстық қудалауға ұшырамайтын болды. Сондай-ақ соттарға жүгінетін адамдардың саны да айтарлықтай азайған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне мән беріп, Агенттік басшысына бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу