Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

594

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

""Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілсін:

Рогов Игорь Иванович – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

аталған Комиссияның құрамынан Қ.С. Мусин шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                 Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 тамыз     

                               № 644"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу