Президентке бірқатар шет мемлекет басшылары көңіл айтты

320

Мемлекет басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президентке бірқатар шет мемлекет басшылары көңіл айтты Фото: aqorda.kz

Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу