Президенттің бастамасы жүзеге асты

374

Үкімет елімізде дендеп алған нашақорлықпен білек сыбана күреспек. 

Президенттің бастамасы жүзеге асты Фото: google

Ол үшін нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарды қабылдады. Мұндай тапсырманы Президент, былтырғы қыркүйек айындағы Жолдауында берген еді.

Қабылданған Кешенді жоспар, сарапшылар арасында, соның ішінде Жастар саясаты жөніндегі кеңесте де кеңінен талқыланды. Құжаттағы жаңа тетіктер мен құралдар, ең алдымен, нашақорлықтың алдын алуды және есірткіге тәуелді адамдардың санын азайтуды көздейді.

Жоспардың ең басты мақсаты  қоғамның, азаматтық институттар мен барлық билік органдарының күш-жігерін, осы мәселеге жұмылдыру. Мұндай жоспар 2016 жылдан бері болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу