Үкімет басшысы барлық мемлекеттік орган, әкімдіктер мен квазимемлекеттік секторға белсенділікті арттыруды тапсырды.
"Бірінші басшылар Президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауға алуы керек. Жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде жүзеге асырылады. Олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек. Жалпы Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезінуі үшін жоспарланған жұмысты бірлесіп жүзеге асыруға күш салуымыз керек", – дейді ол.